Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

25 қыркүйек күні мектепте оқушылардың тамақтану сапасын бақылау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мектептегі тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия тарапынан асхана жұмысына тексеру жүргізіліп, төмендегі бағыттар қамтылды: тамақ өнімдерінің жарамдылық мервімдерін тексеру; тағам өнімдеріне бракераж жүргізу; тамақ өнімдерін өндірушілердің қажетті сертификаттары мен құжаттарының болуы; тағамдардың дайындалу сапасы мен аспаздық өңдеу талаптарының сақталуы; ас мәзірінің бекітілген […]

Толығырақ

Ұстаздар мерекесі қарсаңында мектебіміздің мерейін асқақтатып, үлкен қуаныш пен зор жетістік сыйлаған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Облыстық «Зияткер ұстаз» шахмат турнирінде: І орын – мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы ІІІ орын – бастауыш сынып мұғалімі Жанар Гилманқызы Бұл – мектебіміз үшін үлкен абырой, зор мақтаныш әрі айтулы жетістік! Ұстаздар күні қарсаңындағы бұл жеңіс – барша ұжымға […]

Толығырақ

Мектебімізде «Әсем-ай» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 7–11 сынып оқушылары арасында «Қыз баланың денсаулығы: жеке шекарасы және қауіпсіздігі» тақырыбында жалпы қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – қыз балалардың өз-өзін жақсырақ түсінуіне ықпал ету, денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік ережелерін сақтау, жеке шекарасын қорғай білу және кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын […]

Толығырақ

Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы Білім бөлімінің «Нұржау жалпы орта мектебі» КММ ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96-шы бірлескен бұйрықтарына сәйкес өткізілген конкурс қорытындысын жариялайды:

Толығырақ

Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінде бірқатар түлектеріміз мемлекеттік білім грантын жеңіп алып, өздері таңдаған жоғары оқу орындарының студенті атанды. Бұл – шәкірттердің табанды еңбегінің, ата-аналардың қолдауының және ұстаздардың тынымсыз еңбегінің жемісі. 1.Жумашева Аружан — Астана медицина университеті Мамандығы: Медициналық-профилактикалық іс 2. Махади Вероника — Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Мамандығы: Биология мұғалімдерін даярлау Барша грант иегерлерін […]

Толығырақ

Мектеп жанындағы жазғы «Funny English» тілдік лагерінде оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі танымдық және шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Лагерь барысында оқушылар ағылшын тілінде ойындар ойнап, ән айтып, викториналар мен сайыстарға қатысты. Сонымен қатар, топтық жұмыстар, қызықты тапсырмалар және тілдік жаттығулар арқылы балалардың сөйлеу дағдылары мен сөздік қорлары дамытылды. Өткізілген іс-шаралар оқушылардың бос уақытын […]

Толығырақ

2026 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында мектеп бойынша тиісті бұйрықтар шығарылып, іс-шаралар жоспары мен жазғы демалыс кезеңінде өткізілетін тәрбие жұмыстарының жоспары әзірленіп, бекітілді. Жазғы демалыс уақытында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, спортпен шұғылдануына, танымдық және зияткерлік белсенділігін арттыруға бағытталған тамақтандырусыз бейіндік, дебаттық, […]

Толығырақ

Құрметті ата-аналар! Қымбатты оқушылар! Кеше ғана ортамызда асыр салып жүрген Нұржау жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушысының Шарон өзеніне абайсызда суға кетіп, қайғылы қазаға ұшырауы баршамыздың жүрегімізге ауыр жара салды. Бұл орны толмас қасірет мектеп ұжымын ғана емес, бүкіл ауыл-аймақты есеңгіретіп отыр. Ең алдымен, марқұм шәкіртіміздің отбасына, туған-туыстарына, жақындарына мектеп әкімшілігі атынан қайғыра көңіл айтамыз. Бұл […]

Толығырақ

Атырау облысы білім беру басқармасы қарасты Психологиялық қолдау орталығы тапсырмасына сәйкес 5–11 сынып ата-аналарына арналған «Сенім көпірі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, отбасындағы психологиялық қолдаудың маңызын түсіндіру және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру. Семинар барысында: Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық даму кезеңдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді; […]

Толығырақ

Биология пән мұғалімдері курсының 2-ші күнінде сабақ ‘Биология пәні бойынша білім беру нәтижелерінің иерархиясы, негізгі құзыреттер, оқу нәтижелері, оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары’ тақырыбымен басталды.Сабақ барысында тақырып бойынша оқу мақсаты, сабақ мақсатынан тапсырма құрастырылып, оқушыға берілетін тапсырма олар түсінетіндей және орындай алатындай, яғни сабақ мақсатынан ауытқымай түрлі әдіс- тәсілдермен беріліп, дискриптор негізінде бағалануы керектігі түсіндірілді. Алған […]

Толығырақ