Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
🎪Мектеп жанындағы жазғы «Funny English» тілдік лагерінде оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі танымдық және шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Лагерь барысында оқушылар ағылшын тілінде ойындар ойнап, ән айтып, викториналар мен сайыстарға қатысты. Сонымен қатар, топтық жұмыстар, қызықты тапсырмалар және тілдік жаттығулар арқылы балалардың сөйлеу дағдылары мен сөздік қорлары дамытылды.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың ағылшын тілін еркін меңгеруіне және өзара қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.