Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2026 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында мектеп бойынша тиісті бұйрықтар шығарылып, іс-шаралар жоспары мен жазғы демалыс кезеңінде өткізілетін тәрбие жұмыстарының жоспары әзірленіп, бекітілді.

Жазғы демалыс уақытында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, спортпен шұғылдануына, танымдық және зияткерлік белсенділігін арттыруға бағытталған тамақтандырусыз бейіндік, дебаттық, тілдік, спорттық және шатырлық лагерьлер мен жазғы курстар өз жұмыстарын бастады. Әр курс пен лагерьге жауапты жетекшілер бекітіліп, жұмыс жоспарлары жасақталды.
Атап айтқанда:

• «Әуен студиясы» (ән бағыты) – жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Жанаргүл Шайхымеденова;

• «Funny English» ағылшын тілі лагері – жетекшілері Айгүл Темірболатова, Салтанат Өтепбергенова;

• «ШеберLand» қолөнер бейіндік лагері – жетекшілері Гүлзира Агесенова, Әсел Тлегенова;

• «BookLand» кітап оқу лагері – жетекшісі Мая Рыскалиева;

• «Мәнерлеп оқу студиясы» тілдік лагері – жетекшісі Раббина Батуова;

• «Дебат әлемі» дебаттық лагері – жетекшісі Гауһар Мәжеденова;

• «Русское слово» орыс тілі лагері – жетекшісі Нэля Тасжанова;

• «Волейбол» спорттық үйірмесі – жетекшісі Нұрдәулет Шапихов;

• «Футбол» спорттық үйірмесі – жетекшісі Бауыржан Хұсайынов;

• «Шахмат» үйірмесі – жетекшісі Мейірбек Мадхатұлы;

• Көгалдандыру жұмыстары – 10-сынып оқушылары, жетекшілері Гүлмира Гумарова мен Марта Бектенова;

• «Жас сарбаз» әскери-патриоттық бағыттағы шатырлық лагері – жетекшісі Асылжан Хамитов.

Жазғы курстар мен лагерьлердің жұмысы басталар алдында қатысушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, жол-көлік қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік нұсқаулықтарымен таныстырылды.

Жазғы демалыс – балалардың жаңа білім алып, қызығушылықтарын дамытып, пайдалы да қызықты уақыт өткізуіне берілген тамаша мүмкіндік. Осы орайда барлық курс пен лагерь қатысушыларына көтеріңкі көңіл күй, қызықты демалыс, жаңа достар, шығармашылық табыс пен жарқын жетістіктер тілейміз. Жазғы демалыс әрбір оқушы үшін есте қаларлықтай әсерлі, қауіпсіз әрі мазмұнды