Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінде бірқатар түлектеріміз мемлекеттік білім грантын жеңіп алып, өздері таңдаған жоғары оқу орындарының студенті атанды.
Бұл – шәкірттердің табанды еңбегінің, ата-аналардың қолдауының және ұстаздардың тынымсыз еңбегінің жемісі.
1.Жумашева Аружан — Астана медицина университеті
Мамандығы: Медициналық-профилактикалық іс
2. Махади Вероника — Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Мамандығы: Биология мұғалімдерін даярлау
Барша грант иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы студенттік өмірлеріңіз сәтті, білім жолындағы қадамдарыңыз нық, армандарыңыз асқақ болсын! Жаңа белестерді бағындырып, ел мақтанышына айналуларыңызға тілектеспіз.
Мектебіміздің абыройын асқақтатып жүрген барлық түлектерімізге жарқын болашақ тілейміз!

