Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

25 қыркүйек күні мектепте оқушылардың тамақтану
сапасын бақылау мақсатында зерделеу жұмыстары
жүргізілді.
Мектептегі тамақтану сапасына мониторинг жүргізу
жөніндегі комиссия тарапынан асхана жұмысына
тексеру жүргізіліп, төмендегі бағыттар қамтылды:
тамақ өнімдерінің жарамдылық мервімдерін тексеру;
тағам өнімдеріне бракераж жүргізу;
тамақ өнімдерін өндірушілердің қажетті
сертификаттары мен құжаттарының болуы;
тағамдардың дайындалу сапасы мен аспаздық өңдеу
талаптарының сақталуы;
ас мәзірінің бекітілген тамақтану мәзіріне сәйкестігі;
санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы;
асхана және ас блогының санитарлық жағдайын
сараптау.
Зерделеу жұмыстарының негізгі мақсаты —
оқушыларға сапалы, қауіпсіз әрі санитарлық талаптарға
сай тамақтануды қамтамасыз ету және мектеп
асханасындағы тамақтану сапасын тұрақты бақылауда
ұстау.
Бала денсаулығы — басты құндылық!
Сапалы тамақтану — дені сау ұрпақтың кепілі!