Ұстаздар мерекесі қарсаңында мектебіміздің мерейін асқақтатып, үлкен қуаныш пен зор жетістік сыйлаған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Облыстық «Зияткер ұстаз» шахмат турнирінде:
Бұл – мектебіміз үшін үлкен абырой, зор мақтаныш әрі айтулы жетістік! Ұстаздар күні қарсаңындағы бұл жеңіс – барша ұжымға ерекше қуаныш сыйлаған тамаша тарту болды.
Шахмат – сабыр мен салмақтылықты, терең ой мен ұшқыр шешімді, алға мақсат қоя білуді талап ететін зияткерлік ойын. Ал осы додада топ жарып, жүлделі орындарға ие болу – білімділік пен біліктіліктің, табандылық пен ізденістің, көрегендік пен шеберліктің нәтижесі.
Сіздердің әрбір жеңістеріңіз – мектеп абыройы, ұстаз мәртебесі, шәкірттерге үлгі! Бұл жетістік жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздардың тек өз пәнінде ғана емес, жан-жақты қырынан дара екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ұстаздар мерекесі қарсаңындағы бұл қуанышты жеңіс құтты болсын!
Алдағы Республикалық кезеңде де мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындырып, жүлделі орындардан көрінулеріңізге тілектеспіз!
Жеңістеріңіз жалғасын тапсын!
Мектебіміздің мерейі үстем, абыройы асқақ болсын!
Әрбір жетістіктеріңіз – ұжымымыздың ортақ қуанышы!
Ақ жол, сәттілік және жарқын жеңіс тілейміз! 





