Атырау облысы білім беру басқармасы қарасты Психологиялық қолдау орталығы тапсырмасына сәйкес 5–11 сынып ата-аналарына арналған «Сенім көпірі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, отбасындағы психологиялық қолдаудың маңызын түсіндіру және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.
Семинар барысында:
Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық даму кезеңдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді;
Ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты күшейту жолдары талқыланып, тиімді қарым-қатынас орнату жөнінде түсінік берілді.
QR кодтарды қолдану тәртібі, олардың мүмкіндіктері және қажетті ақпараттарға жылдам қол жеткізу жолдары көрсетілді;
Психологиялық қолдау орталығының сенім телефондарына тәулік бойы хабарласып кеңес алуларына болатындығы ата-аналарға түсіндірілді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан психологиялық-педагогикалық кеңестер берілді.
Семинар-тренинг қорытындысымен ата-аналар кері байланыс алынды.


