Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Биология пән мұғалімдері курсының 2-ші күнінде сабақ ‘Биология пәні бойынша білім беру нәтижелерінің иерархиясы, негізгі құзыреттер, оқу нәтижелері, оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары’ тақырыбымен басталды.Сабақ барысында тақырып бойынша оқу мақсаты, сабақ мақсатынан тапсырма құрастырылып, оқушыға берілетін тапсырма олар түсінетіндей және орындай алатындай, яғни сабақ мақсатынан ауытқымай түрлі әдіс- тәсілдермен беріліп, дискриптор негізінде бағалануы керектігі түсіндірілді. Алған білімдерін әрбір тыңдаушы сыныптар бойынша берілген тақырыптарды қорғап, жауаптарын тұжырымдап, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар ‘Неліктен білім беру нәтижелерінің иерархиясы маңызды?’, ‘МЖМБС құндылықтық доминанттары’ тақырыптарында білімдерін жетілдірді. Сабақ өте қызықты өтіп, нәтижелі жұмыстар жасалды.
ㅤ
ㅤ
ㅤ
ㅤ