Жаңалықтар
Белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қалай дамытуға болады? зерттеу сұрағы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Іңкәр Мадиярқызы 3 “Ә” І циклдің 1-ші зерттеу сабағын өткізді. Сабақ тақырыбы: Разрядтан бір рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі Сабақ барысында оқушылардың жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін меңгеруі белсенді әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдастырылды. […]
Мақсаты: — тиімді педагогикалық тәжірибені анықтау, тарату; — педагогтердің кәсіби өсуін қолдау; — инновациялық идеяларды насихаттау; — шығармашылық белсенділікті дамыту. Байқау үш бөлімде жүргізілді: 1. Өзін-өзі таныстыру. 2. Десант-сабақ. 3. Қысқа мерзімді жоспар құру. Байқауға қатысқан педагогтер өз белсенділіктері мен шығармашылықтарын шебер көрсете білді. Педагогтер заманауи технологияларды пайдаланып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, функционалдық сауаттылығын дамытуға […]
8-11 сынып оқушылары арасындағы “Мағжан оқуы” байқауының аудандық кезеңінде “Жас дарындылар”бағыты бойынша Ғазиз Азамат жүлделі ІІІ орын, жетекшісі: Раббина Батуова “Ғылыми жоба” бағыты бойынша Хадим Найра Алғыс хат, жетекшісі: Гаухар Мажеденова Жайсанбекқызы Лағда “Мағжан шығармаларын жатқа оқу” бағыты бойынша Алғыс хат иегері атанды. Жетекшісі: Майя Рысқалиева Алдағы уақытта да шығармашылық шабыттарыңыз тасып, сөз өнерінде жаңа […]
Аудандық “Айбын -2026” әскери — патриоттық сайысы бойынша Нұржау жалпы орта мектебінің шәкірттері төмендегідей нәтиже көрсетті: “Калашников автоматын жартылай бөлшектеп жинау” ұлдар арасында Төлепов Бекзат 3 — орын. ”Роботтехника” сайысы Хадим Нейля 2-орын. ”Шалқалап жатып дене көтеру” қыздар арасында Ибраева Кәусар 2-орын. ”Айбын жұлдызы” ән байқауы Ибраева Кәусар 2-орын. Жетекшісі: АӘД пәні мұғалімі Асылжан Хамитов […]
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні мерекесіне орай мектебімізде 1–4 сынып оқушыларына арналған “Ертегілер әлеміне саяхат” атты кітапханалық шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар ертегілер әлеміне қызықты саяхат жасап, түрлі тапсырмалар орындады. Атап айтқанда: ертегі атаулары мен кейіпкерлерін табу, әдеби домино ойнау, жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің жауабын табу, ертегі желісі бойынша ойындар ойнап, сахналық көріністер көрсетті. […]
«Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясы – ұлттық өнерімізді ұлықтайтын ерекше бастама Аталған акция аясында мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары домбыраның күмбірлеген күйімен күй арқылы халқымыздың тарихы мен рухы, кең даланың үні әсерлі жеткізілді. Оқушыларымыз ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін танытып, домбыра тарту шеберліктерін көрсетті. Әрбір орындалған күй – дәстүр мен тағылымның, рух пен мұраның айқын көрінісі болды. […]
Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай 5-7 сынып оқушылары арасын мұңды әрі әсерлі шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеп, салт-дәстүрлерді сахналық көріністер арқылы көрсетті. Балаға байланысты дәстүрлер “қырқынан шығару”, “балаға ат қою”, “қонақ күту”, “қонақ кәде”дәстүрлері көрсетіліп, әсем әндер мен билер орындалды. Сонымен қатар, мақал-мәтелдер сайысы мен ұлттық ойындар арқылы оқушылардың […]
«Салт-дәстүр – рухани қазынамыз» Нұржау жалпы орта мектебінде 10–11 сынып оқушыларының қатысуымен Мәдениет және салт-дәстүр күніне арналған іс-шара өтті. Оқушылар ұлттық киімдер киіп, қазақ халқының бай салт-дәстүрін сахналық көріністер арқылы көрсетті: “Сырға салу” “Құда түсу” “Қыз ұзату” “Ұйқыашар” “Ат тергеу” Сонымен қатар, мақал-мәтелдер сайысы, ұлттық ойындар мен өлеңдер оқылды. Шара арқылы жас ұрпаққа өз мәдениетін […]
Оқушылар үлкендерге амандық-саулық тілеп, ізгі ниеттерін білдіріп, дәстүр бойынша көрісіп сәлем берді. Ата-әжелеріміз де өз кезегінде ақ баталарын беріп, жылы лебіздерін жеткізді. Бұл игі шара жас ұрпақтың бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталды. 5 “А” сыныбы, сынып жетекшісі Н.Қанатова — Қатира әже 5 “Ә” сыныбы, сынып жетекшісі Г.Талапбекова — Алма […]
14 наурыз – қазақ халқының ерекше дәстүрге толы мерекелерінің бірі – Көрісу күні. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, қол алысып, амандық сұрасып, жылы лебіздерін білдіреді. Көрісу – татулықтың, сыйластықтың және үлкенге құрмет, кішіге ізеттің белгісі. Наурызнаманың он күндігі аясында біз де осы дәстүрді жаңғыртып, бір-бірімізге тілектер айтып, мерекенің мәнін сезіндік. Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз! Еліміз […]
