Байқау үш бөлімде жүргізілді:
1. Өзін-өзі таныстыру.
2. Десант-сабақ.
3. Қысқа мерзімді жоспар құру. Байқауға қатысқан педагогтер өз белсенділіктері мен шығармашылықтарын шебер көрсете білді.
Педагогтер заманауи технологияларды пайдаланып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді әдістерді ұсынды.
Қазылар алқасының шешімі негізінде байқау қорытындысы шығарылып, үздік нәтиже көрсеткен педагогтер анықталды. Барша қатысқан педагогтерге Алғыс айта отырып, кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденістеріңіз шыңдала берсін демекпіз!
