Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні мерекесіне орай мектебімізде 1–4 сынып оқушыларына арналған
“Ертегілер әлеміне саяхат” атты кітапханалық шара ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар ертегілер әлеміне қызықты саяхат жасап, түрлі тапсырмалар орындады. Атап айтқанда:
📖 ертегі атаулары мен кейіпкерлерін табу,
🧩 әдеби домино ойнау,
❓ жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің жауабын табу,
🎭 ертегі желісі бойынша ойындар ойнап, сахналық көріністер көрсетті.
Балалардың кітапқа деген қызығушылығы артып, қиял әлеміне қанат қақты. Осындай мазмұнды шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал етеді.
📚 Кітап – білім бұлағы, рухани қазына!