Белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қалай дамытуға болады? зерттеу сұрағы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Іңкәр Мадиярқызы 3 “Ә”
І циклдің 1-ші зерттеу сабағын өткізді.
Сабақ тақырыбы: Разрядтан бір рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі
Сабақ барысында оқушылардың жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін меңгеруі белсенді әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдастырылды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Ойлан – жұптас – бөліс», «Сәйкестендіру», «Қатені тап», «Кім жылдам?» әдістері қолданылды.
Оқушыларға разрядтан аттап өту арқылы орындалатын есептер беріліп, оларды кезең-кезеңімен талдау, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әр оқушының іс-әрекеті бақыланып, олардың есеп шығару барысындағы қателері мен жетістіктері талданды.
Жұптық және топтық жұмыстар арқылы оқушылар бір-біріне түсіндіру, өз ойын дәлелдеу дағдыларын дамытты. Сонымен қатар, саралау тапсырмалары арқылы оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар беріліп, білімдері бекітілді.
Құрманғазы ауданы
Нұржау ауылы
Стамгазы Ақботин көшесі, 1 үй
+7(7122) 3-83-64
shnurzhau@mail.ru
Гульбаршын Кенжегалиева
Марат Абуов
Zina Kerey
Шошахова Камшат
Құрманғазы Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Өрлеу Атырау
