14 наурыз – қазақ халқының ерекше дәстүрге толы мерекелерінің бірі – Көрісу күні. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, қол алысып, амандық сұрасып, жылы лебіздерін білдіреді. Көрісу – татулықтың, сыйластықтың және үлкенге құрмет, кішіге ізеттің белгісі.
Наурызнаманың он күндігі аясында біз де осы дәстүрді жаңғыртып, бір-бірімізге тілектер айтып, мерекенің мәнін сезіндік.
Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әр шаңыраққа береке мен бірлік тілейміз!
