Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Бұл күні мектеп ұжымы бір-бірімен көрісіп, бір-біріне құрмет көрсетті. Көрісу – адамдарды жақындастырып, сыйластық пен татулықты арттыратын ерекше дәстүр. Мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы мектеп ұжымын мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. Баршаңызды Амал мерекесімен құттықтаймыз! Береке мен бірлік, амандық пен молшылық тілейміз! 🌸

Толығырақ

1 “А” сыныбы, сынып жетекшісі Қ.Құспанова — Зүлән әже 2 “А” сыныбы, сынып жетекшісі А.Ибрагимова — Исатай ата 2 “Ә” сыныбы, сынып жетекшісі М.Абдуллаева- Халиса әже 3 “А” сыныбы, сынып жетекшісі А.Куанова — Жаңыл әже 3 “Ә” сыныбы, сынып жетекшісі І.Әбітаева — Екатерина әже 4 “А” сыныбы, сынып жетекшісі Ж.Гилманова- Өсер ата Оқушылар үлкендерге құрмет […]

Толығырақ

9 “А” сыныбы, сынып жетекшісі А.Сағындықова — Алтынай апай 9 “Ә” сыныбы, сынып жетекшісі А.Тәжібаева — Аққаным апай 10 “А” сыныбы, сынып жетекшісі — Г.Гумарова мен 10 “Ә” сыныбы, сынып жетекшісі М. Бектенова — Бауыржан ағай, Люба апай 11 “А” сыныбы, сынып жетекшісі А. Исаева — Жібек апай 11 “Ә” сыныбы, сынып жетекшісі А.Бектұрғанқызы- Рысқаным […]

Толығырақ

Байқау барысында қатысушы арулар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, өздерінің білімділігін, өнерін, тапқырлығын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, қыздарымыз ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін танытып, қазақ қызына тән көркем мінез бен тәрбиелілікті жоғары деңгейде көрсете білді. Әрбір кезең көрермендерге ерекше әсер сыйлап, қатысушылардың ұлттық киім үлгілері, өнерлері мен сахнадағы шеберліктері көпшіліктің көңілінен шықты. Байқау барысында […]

Толығырақ

Аудандық педагог-зерттеуші биология пәнінің мұғалімдері арасында ‘Bio — Lab’ байқауында Уахитова Нургул Сағадатқызы жүлделі 2 орынды иеленсе, ауданның педагог-сарапшы санатындағы тарих пәні мұғалімдері арасында ‘Үздік тарихшы’ байқауында Бектенова Марта Садуақасқызы жүлделі 3 орынды иеленді. Сіздерге шабыт, табыс және толағай жетістіктер тілейміз! #Сапалы_bilimbery #atyrau_bilim_basqarmasy Құрманғазы ауданы Нұржау ауылы Стамгазы Ақботин көшесі, 1 үй +7(7122) 3-83-64 shnurzhau@mail.ru […]

Толығырақ

Апталықтың жоспарына сәйкес үзіліс кезіндегі оқушылардың уақытын тиімді пайдалану, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Эмодзи арқылы музыканы тап” тақырыбында әуенді ойын ұйымдастырылды. #Сапалы_bilimbery #atyrau_bilim_basqarmasy Құрманғазы ауданы Нұржау ауылы Стамгазы Ақботин көшесі, 1 үй +7(7122) 3-83-64 shnurzhau@mail.ru Гульбаршын Кенжегалиева Марат Абуов Zina Kerey Шошахова Камшат Құрманғазы Аудандық Білім Бөлімі Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы Атырау Облысы Білім […]

Толығырақ

Аудандық “Әбіш оқулары” байқауында “Жас ақындар мүшәйрасы” бағыты бойынша Ғазиз Азамат жүлделі 1-орын (облысқа жолдама). Жетекшісі: Батуова Раббина ”Ғылыми жоба” бағыты бойынша Хадим Найра жүлделі 2-орын Жетекшісі: Мәжеденова Гаухар ”Иллюстрациялық сурет байқауы”бойынша Салауат Сымбат 3-орын Жетекшісі: Нұрланқызы Әсем. #Сапалы_bilimbery #atyrau_bilim_basqarmasy

Толығырақ

8 Наурыз — халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер, қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», — дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді […]

Толығырақ

5 — сынып оқушыларына арналған “Зерделі ұрпақ” математика, оқу сауаттылығы, жаратылыстану пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінен “Нұржау жалпы орта мектебі” командасы жүлделі ІІ-ші орынды иеленді. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңістеріңіз еселене берсін! Әрқашан ынтымақтарыңыз жарасып, білім жолында шаршамай, жаңа шыңдарға жете беріңіздер! 🌟

Толығырақ

1 КҮН -1 АЛҒЫС ЧЕЛЛЕНДЖІ 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай “Алғыс қабырғасы” атты жүрекжарды тілектерін мектеп ұстаздарына, ата-аналарына және мектептің барлық қызметкерлеріне арнады. Атаулы күнде ризашылық білдіру, сыйластық пен құрмет көрсету – адамгершіліктің асыл қасиеті екенін айтып, баршаға амандық, бірлік пен береке тілейді. Алғыс айту күні – жүректерді жақындатып, мейірім мен ізгілікті […]

Толығырақ