Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
1 “А” сыныбы, сынып жетекшісі Қ.Құспанова — Зүлән әже
2 “А” сыныбы, сынып жетекшісі А.Ибрагимова — Исатай ата
2 “Ә” сыныбы, сынып жетекшісі М.Абдуллаева- Халиса әже
3 “А” сыныбы, сынып жетекшісі А.Куанова — Жаңыл әже
3 “Ә” сыныбы, сынып жетекшісі І.Әбітаева — Екатерина әже
4 “А” сыныбы, сынып жетекшісі Ж.Гилманова- Өсер ата
Оқушылар үлкендерге құрмет көрсетіп, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектерін білдірді. Ата-әжелеріміз де ақ баталарын беріп, жылы лебіздерін жеткізді. Бұл игі іс-шара оқушылардың бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Көрісу – халқымыздың татулық пен сыйластықты насихаттайтын ерекше дәстүрі. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтың ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін арттыра түседі!