Байқау барысында қатысушы арулар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, өздерінің білімділігін, өнерін, тапқырлығын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, қыздарымыз ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін танытып, қазақ қызына тән көркем мінез бен тәрбиелілікті жоғары деңгейде көрсете білді.
Әрбір кезең көрермендерге ерекше әсер сыйлап, қатысушылардың ұлттық киім үлгілері, өнерлері мен сахнадағы шеберліктері көпшіліктің көңілінен шықты. Байқау барысында аруларымыздың сұлулығы ғана емес, олардың парасаты, мәдениеті мен жан-жақтылығы да айқын көрінді. 
Бұл тағылымды шара қыз балаларды өнерге, ұқыптылыққа, ізгілікке тәрбиелеп, ұлттық дәстүрімізді құрметтеуге баулитын маңызды шаралардың бірі болды.
“Бас Жүлде” — 9 сыныбы
Азаматқызы Ақтілек
Байқауға қатысқан барлық аруларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 
