Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес “Әсем-ай” қыздар ұйымының 7-11 сынып қыз балаларына арналған қыздар жиналысы болып өтті.
“Әсем-ай” қыздар ұйымының ұйымдастыруымен өткен жиналысқа аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұргүл Мамбетовна, мектеп директоры Гульбаршын Жакимовна, Нұржау дәрігерлік амбулаториясының аға мейірбикесі Гүлбаршын Рахымғалиқызы қатысты. Жиынды мектеп басшысы Гульбаршын Жакимовна ашып, қатысушы қонақтарға қош келдің лебізін білдіріп, бүгінгі қоғамдағы қыз балалардың өзін-өзі ұстауы, қоғамдағы беделі секілді маңызды мәселелерді қозғады. Құрманғазы аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұргүл Мамбетовна жиынға арнайы келіп, соңғы уақытта облыста қыз балалар арасында суицидтің жиілеп тұрғаны, оның негізгі себебі ерте жүктілік болып тұрғанын айтты.
Жиын барысында “Әсем-ай” қыздар ұйымының жетекшісі Жанар Жарасқызы оқу жылындағы қыздармен атқарылған жұмыстардан хабарлама жасады.
Жиынға Нұржау ауылдық амбулаториялық емханасының медбикесі Гүлбаршын Рақымғалиқызы қатысып, қоғамда өзекті болған ерте жүктіліктің алдын-алу, қыз баланың физиологиялық ерекшеліктері туралы ақпараттармен бөлісті.
Қыз бала — ұлттың болашағы. Ұлттың ертеңгі болашағы бүгінгі қыз баланың тәрбиесінен басталса, мектеп пен ата-ана бірлесіп жауапты іске жұмыла кірісетін уақыт болып тұр. Қыз баланы бүгінгі қоғамның кеселінен қорғап, дұрыс бағыт беру басты назарымызда. Толығырақ