Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
“Әсем- ай” қыздар ұйымының жоспарына сәйкес ұйымдастырылған “Қызды тәрбиелеу- ұлтты тәрбиелеу” апталығының аясында 5-8 сынып қыз балалары арасында “Ажарлы,сұлу, ғажап тым, қыздары қандай қазақтың!”тақырыбында қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты⤵️
⚜️Қыз баланың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту.
⚜️Қыз баланы парасатты, жан — жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.
⚜️Қыздардың эстетикалық талғамын оята отырып, табиғат сыйлаған қасиеттердің ашылуына көмектесу.
Қолөнер бұйымдарының көрмесіне қыздарымыз белсенді қатысып, әртүрлі бағыттағы өнер туындыларын ұсынды.