Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
📍📍Кезекті зерттеу сабағын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Агесенова 8 “Ә” сыныбына өткізді.
Зерттеу сұрағы: Орыс тілі сабағында белсенді әдістер арқылы оқушылардың айтылым, жазылым дағдыларын қалай дамытуға болады?
Сабақтың тақырыбы: ”Как хлеб на стол пришел”🍞
Мақсаты: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты табу; тындалған және оқылған мәтіннен түсінік айту.
Сабақтың өту барысы: “Тізбек” әдісі арқылы оқушылар үй тапсырмасын қайталады. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін “ассоциациялар” әдісі пайдаланылды. “Әсерлі әңгіме” әдісі арқылы жазушының шығармашылық жолын сипаттады. “Мені түсін” әдісі арқылы оқушылар мәтіндегі кейіпкерлерді сомдады. “Рефлексиялық нысана” әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірлерін білдірді.