Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
“Әсем — ай” қыздар ұйымының жоспарына сәйкес, “Қызды тәрбиелеу — ұлтты тәрбиелеу” тақырыбында апталық ұйымдастырылды.
* Қазақ халқы қыз – болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп, оның тәрбиесіне баса мән берген.
* Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.
* «Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі тәрбиенің негізі болып саналады.
Мектеп медбикесі Г. Джумабекова “Тазалық — денсаулық кепілі” тақырыбында қыздарға кеңес өткізді.
Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы,
адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу. Толығырақ