Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
⚜️«АЛТЫН ТҰҒЫРДЫҢ» БИІГІНЕН
КӨРІНДІ💐
♦️Ағымдағы жылдың 1 қарашасы күні Абай жалпы орта мектеп базасында,Атырау облысы Білім беру басқармасы әдістемелік орталығының 2024 жылғы 22 қазандағы #714-хатына сәйкес,аудандық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» олимпиадасы өткізілді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру,мұғалімдердің шығармашылығын әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту,мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында өткізілген олимпиада қорытындысы бойынша Нұржау жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері
🎉🎉Кенжегалиева Гульбаршын Жакимовна I орын,
🎉🎉Құспанова Қаламқас Қайырболатқызы II орын иеленіп, жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды.
🎊Облыстық кезеңге өткен ұстаздарға сәттілік тілейміз!