Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарының арасында «Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының негізі » тақырыбында дәріс сабағы өтті.
Мақсаты: Баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру.
📍«Көңілді кәмпиттердің» түстері арқылы /қызыл, жасыл/ екі топқа бөлініп отырды. 📍«Менің балам» сергіту әдісі арқылы амандасып, «Білесіздер✅ Білмейсіздер❌» әдісімен өз бойындағы қасиеттерін айтып өтті. 📍«Шульте» кестесі арқылы сабақ тақырыбы мен мақсаты ашылды. 📍Сапалы ұйқы жөнінде мағлұматтар беріліп, «Телебум» әдісі арқылы бейнеслайд көрсетілді. Осы бейнеслайд бойынша топтық жұмыс орындап, постерлерін қорғады. 📍Ұжымдық жұмыс арқылы «Жағдаяттық мәселе» бойынша пікірлерін көк, қызыл текшелермен білдірді. 📍«Әуедегі шар» әдісімен ұйқыны шақыратын және бұзатын жағдайларды орналастырды. 📍«Жасыл лента» әдісімен ұйқының функцияларын суретті пазлдарын құрастырды. 📍 Ата — аналарға «Жақсы ұйықтауға арналған кеңес» тақырыбындағы жадынама бетшелері таратылды. «Бриллиант ана» әдісі арқылы ұйқы туралы мақал-мәтел жарысы өтті. 📍 Сабақ соңында «Түстер шоғыры» әдісі арқылы «Сен маған, мен саған» айдарымен кері байланыс алынды. Сабақ әсерлі өтіп, ата-аналар кері байланыс берді.
Сабақты өткізуші: бастауыш сынып пәнінің мұғалімі, педагог — сарапшы Марта Абдуллаева.