Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарының арасында «Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу және мінез-құлыққа әсері» тақырыбында дәріс сабағы өтті.
Мақсаты: Ата — аналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарауы жасөспірімнің денсаулығын және психикалық саулығын сақтау факторы ретінде қарастыру. Жүру барысы:
Мектеп директоры Г.Кенжегалиева сөз сөйлеп, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының алғашқы сабағына қош келдіңіздер айтып, көңіл-күйлерімен бөлісті.
Ата — аналар «Смайлик» әдісі арқылы амандасып, «Табан ізі» әдісімен баласының жақсы қасиеттерін айтып өтті. 3 топқа бөлінді, «Ұйқы туралы мифтер мен шындық» сергіту сәтінде берілген мифтерге қызыл және көк түсті белгіні көтеру арқылы жауап берді. Жасөспірімнің ұйқы физиологиясы жөнінде мағлұматтар беріліп, «Кинометафора» әдісі арқылы бейнеролик көрсетілді. Осы бейнеролик бойынша топтық жұмыс орындап, постерлерін қорғады. «Тыныс алу әдістері арқылы релаксация жаттығуларын таныстырып өтті. Ата — аналарға «Жақсы ұйықтауға арналған кеңес» тақырыбындағы жадынама бетшелері таратылды. «Бір кесе шәй» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап берді. Сабақ соңында «QR — код» әдісі арқылы кері байланыс алып, тәттілер үлестірілді. Сабақ әсерлі өтіп, ата-аналар кері байланыс берді.
Сабақты өткізуші: биология пәнінің мұғалімі, педагог — сарапшы Юсупова Айнур.