Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
Сабақ арасында үзілісті тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған «Көңілді үзіліс» айдарының кезекті бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытуға арналды. Оқушылар «Пазл» әдісі арқылы ертегіден бірнеше сурет қиындыларын құрастырып, байқағыштық қабілеттерін көрсетті. «Алтын сақаны кім алады» ойынында бірдей түстерді таңдап,шапшандықпен көзге түсті.