Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің Нұржау жалпы орта мектебі КММ
Ыстық тамақтың берілу сапасы зерделенді.
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі
комиссия құрамы және тамақтандыру сапасын мерзімдік бағалаудың бракераж комиссиясы ыстық тамақтың берілуіне, тамақтану сапасына мониторинг зерделеу мақсатында, кезекті зерделеу жұмыстары жүргізілді.
— Зерделеу барысында бір күндік мәзірдің Атырау облыстық білім беру басқармасы бекіткен ІІ апталық ас мәзіріне сәйкестігі, отандық тауар өндірушілердің сертификаттары бар екендігі, асхана қызметкерлерінің санитарлық талапқа сай жұмыс атқарып отырғандығы және азық-түлікті пайдалану мерзімінің жарамдылығы анықталды.
— Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналына енгізіле отырып, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар;
— Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді;
— Тез бұзылатын тамақ өнімдері сақтау температурасы төмен тоңазыту камераларында және тоңазытқыштарда жүзеге асырылған. Температураны бақылау үшін тоңазытқыштарда термометрлер орнатылған;
— Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырған. Сынамалардың қақпағы бар таза шыны ыдысқа (гарнирлер бөлек ыдысқа) салынған. Іріктелген тәуліктік сынамалар 48 сағат арнайы +2 °C – +6 °C температурада дайын тамақ өнімдерін сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығының арнайы бөлінген орнында сақталған;
— Ас блогының жұмыскерлері, техникалық персонал арнайы киіммен қамтамасыз етілген;
— Қол жуу үшін ыстық және салқын су өткізілген қол жуатын раквиналар, қол жууға құралдар орнатылған.