Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
«Киіз үй» этно лагерінің 4-ші күні 🛖
Он саусағы майысқан қыздарымыз лагердің 4-ші күні жүн түтіп, сүзбеден құрт жасауды үйренді.
Қазақ тұрмысында мал шаруашылығының маңызы зор. Ішсе сусын, жесе тамақ, кисе киім болған төрт-түлікті қасиет тұтқан бабаларымыздан қалған құндылықтардың бірі осы құрт пен малдың жүні. Аштық заманда ауқат болған құртты әлі күнге дейін әр қазақтың баласы сүйіп жейді. Ал жүн түтудің өзіндік ерекшелігі мен кезеңдері бар. Жуылған жүнді қолмен түткен қыздарға бұл күн ерекше әсер сыйлады. Толығырақ