Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау жалпы орта мектебінң жанынан ашылған «Мәнерлеп оқу» бейіндік лагері өз жұмысын жалғастыруда. Бейіндік лагердің мақсаты бос уақытын тиімді пайдалану, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру. Лагерь қатысушылары әр сәтін тиімді пайдалануда. Ақындардың  өлеңдерімен сусындап, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқудың қыр-сырын үйренуде. Үйірме жетекшісі Г.Мұхтарқызы үйірме жоспарына сәйкес оқушыларға ар қызығушылықпен жұмыс жасатып, әр күнін қызықты өткізуде.