Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

29 сәуір мен 5 мамыр аралығында «Жасөспірім және жауапкершілік»  жедел іс-шарасы барысында Нұржау жалпы орта мектебінің 7-11 сынып ұл балалары арасында «Арсен» ұлдар ұйымының жиналысы өтті.

Жиынға мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы, МДТЖЖО Светлана Аманғалиқызы, мектеп инспекторы Арайлым Жексенбаева, АӘД пәнінің мұғалімі А. Ғабитұлы, ұлдар ұйымының жетекшісі Н.Мұқарұлы және мектеп психологы мен сынып жетекшілер қатысты.

Жиынның мақсаты:

-жазғы демалыстың басталуы қарсаңында балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп тұруға байланысты дағдыларды нығаайту;

  • түргі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болмауы;
  • алкоголь өнімдерін ішпеу;
  • темекі бұйымдарын пайдаланбау;
  • шанышпалы-кесетін заттарды өздерімен алып жүрмеу;
  • автокөлік, мотокөлік, мопед тізгіндеуге болмайтындығы;
  • су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары;
  • бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, зорлық-зомбылық пен бопсалаушылықтың алдын алу;

Аталған қатардағы қылмыстық жәнеқылмысқа апарар жолдардың алдын алып, ертеңгі өкініш бүгінгі қателік екенін түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілетін болады.