2024 жылдың 16-шы сәуір күні Нұржау жалпы орта мектебінде Төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою бойынша іс-қимылға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ, азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштер мен құралдарын ықтимал жер сілкінісі кезіндегі төтенше жағдайларға ден қоюға даярлау мақсатында сейсмикалық оқу-жаттығуына мектеп бойынша 197 оқушы, 37 мектеп мұғалімдері мен 20 мектеп қызметкерлері қатысты.