Нұржау жалпы орта мектебінің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 21-29 ақпан аралығында математика, информатика, физика пәндерінің «Ғасырдың ғажап үш тірегі – МИФ» тақырыбындағы апталық өз мәресіне жетті.
Апталықта жоспарланған жұмыстар толықтай жүргізіліп, оқушылар белсенді қатысты.
Апталық барысында өткізілген ашық сабақтарға пәндік сайыстарға жоғары дәрежеде қатысқан оқушыларымызға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.
Оқушылардың логикалық ойлау деңгейін дамыту, пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткізілген апталық қызықты ойынмен жалғасты.