Осындай тақырыппен 1 наурыз Алғыс айту күніне орай барлық сыныпта тәрбие сағаттары өтті. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік асыл қасиеттерді ұялатып, жүрегіне мейірім мен махаббат дәнегін себуді мақсат еткен тәрбие сағатында балалар ата-анасына, ұстаздарға, достарына ризашылық сезімдерін білдіріп, жылы тілектерін арнады.