Нұржау жалпы орта мектебінің іс-шара жоспарына сәйкес ақпан айының 21-29 аралығында «Ғасырдың ғажап үш тірегі – МИФ» тақырыбында математика, информатика, физика пән бірлестігінің апталығы бастау алды.
Мақсаты: математика, информатика, физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Апталықтың ашылу барысында бірлестік жетекшісі М.Құбашева сөз сөйлеп, апталық жоспарымен таныстырды. Оқушылардың математика, информатика, физика пәндерінен білімдерінен тексеру мақсатында ұйымдастырылған «Кім көп біледі?» викториналық ойынында оқушылар тақтадағы есептерді лезде шығарып, ұшқыр ой, терең білімдерін көсете білді және оқушыларға тәттілер таратылды.
Алдағы уақытта апталық барысында ғы ашық сабақтар мен шараларды бөлісіп отыратын боламыз!