Нұржау жалпы орта мектебінің әдістемелік жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог-модератор Г.Мажеденова мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың айтылым дағдысын қалай дамытуға болады? зерттеу сұрағы бойынша 7 «ә» сыныбына зерттеу сабағын өткізді.
Сабақтың тақырыбы: тұрақтылықтың басты кепілі-татулық пен келісім.
Оқу мақсаты: 7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;
Сабақ барысында «Позицияны таңдау», «Бинго» әдістері, бағалауда «Медаль», «Асық», «Стикер» әдістері жүргізіліп, топтық, жұптық тапсырмалар орындалды. «Принтер» әдісі арқылы рефлексия алынды.