Химия пәнінің мұғалімі педагог – модератор А.Бектұрғанқызы цифрлық ресурстар арқылы оқушылардың оқу белсенділіктерін қалай арттыруға болады? Зерттеу сұрағы бойынша 8 «ә» сыныбына I циклдің 1-ші зерттеу сабағын өткізді.
Тақырыбы: Электртерістілік. Ковалентті байланыс
Оқу мақсаты:
8.1.4.1 – электрліктерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру.
Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындалды.
«Кім жылдам», «Бірге шешейік», «Миллион кімге бұйырады» әдіс-тәсілдері қолданылды. Оқушылар қосылыстардың арасындағы байланыстарды түсіндіріп, нүктелер және айқыштармен бейнелеп көрсетті.
География пәнінің мұғалімі Г.Гумарова оқушылардың зерттеу дағдыларын саралау тапсырмалары арқылы қалай арттыруға болады? Зерттеу сұрағы бойынша 10 «Ә» сыныбына зерттеу сабағын өткізді. Сабақтың тақырыбы: Дүниежжүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері.
Мақсаты: 10.4.1.10 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру.Сабақ барысында «Тыңдалым айдары» арқылы сұрақтарға жауап берілді.
Әдіс-тәсілдері: «Эйлер шеңбер» әдіс арқылы топтық жұмыс, картамен жұмыс арқылы жеке жұмыс, «Ойлан, жұптас, бөліс» жұптық жұмыстар жүргізілді. Сабақ соңында «Әлем сенің қолыңда» кері байланыс алынды.