«ДосболLIKE: достық қолын ұсын» челленджі жалғасты!
Мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру мақсатында қолға алынған «ДосболLIKE» акциясының аясында ұйымдастырылған челлендж Нұржау жалпы орта мектебінде де қолға алынды.
Акцияның негізгі міндеті:
- Өзара шығармашылық іс-қимыл жағдайында оқушылардың , педагогтердің және ата-аналардың ынтымақтастығы үшін қажеттілікті қалыптастыруға жәрдемдесу;
- Шығармашылық ынтымақтастық негізінде оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін позитивті қарым қатынастың тиімді түрлері туралы қатысушылардың түсініктерін кеңейту,
- Позитивті қарым-қатынас құру үшін, бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынас тәжірибесі арқылы белсенді мінез-құлық дағдыларын дамыту. Бұл акция оқушыларға позитивті көңіл-күй сыйлап, шынайы эмоцияға толы әсер берді