Нұржау жалпы орта мектебінде 2024 жылдың 30 қаңтар күні 7-8 сыныптарға терроризм актінің қаупі туындаған немесе терроризм акт жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жадынама таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Күн тәртібінде:
- адамдар көп жиналатын орындағы жүріп-тұру мінез-құлқы;
- атыс қаруының дыбысын естіген жағдайдағы әрекет;
- телефон арқылы қорқыту келіп түскендегі әрекет;
- ғимаратта, көшеде терроризм актісі орын алса;
- адамдарды кепілге алған жағдайда, хат арқылы қорқыту хабарламасы келіп түскен жағдайдағы сақтық шаралары туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

