Нұржау жалпы орта мектебінің «Раннер» мектеп командасы өз жұмысын жалғастыруда. Жоспарға сәйкес 3 А, 8 А сыныптарына сабақ беретін мұғалімдер арасында тимбилдинг өткізілді. Мақсаты:
- Бірлесіп жұмыс жасауға жұмылдыру,
- Ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдауға шақыру;
- Өзара сенім, тиімді қарым-қатынас орнату;
Мектеп командасының жетекшілері негізгі мақсатты айта отырып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі! Командалар бірлесе, белсене жұмысжасап, ортақ мүддеге жетуге құлшына кірісті. Берілген тапсырмаларды сәтті орындай отырып, командалық жұмыстың тиімділігіне тағы бір мәрте көз жеткізді. Шара соңын мектеп басшысы Г.Жақимқызы қорытындылап, оқу мен оқытуда да бірлескен жұмыстардың нәтиже беретіндігін атап көрсетті. Мектеп командасының жаңа жобалық жұмысына шығармашылық табыстар тіледі! Креативті ойлау, сыни көзқарастарды дамыту, инновациялық қызметтерді жүзеге асырудағы жұмыстарыңызға тың жетістіктер тілейміз «РАННЕР» мектеп комагдасы.