Нұржау жалпы орта мектебінің әдістемелік жопарға сәйкес ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Тәжібаева ағылшын тілі сабағында оқу белсенділіктерін саралау тапырмалары арқылы қалай арттыруға болады? Зерттеу сұрағы бойынша 5»А» сыныбына зерттеу сабағының III циклінің 2 сабағын өткізді. Сабақтың тақырыбы: Revizion. Сабақтың мақсаты: Өткен материалды пысықтауға арналған жаттығу жұмыстарын жүргізу. Сабақ барысында
- «Фонарик» әдісі
- «Бургер» әдісі
- «Бал мен ара» әдістері қолданылып, зерттеу сұрағы бойынша топтық, жұптық жұмыстары жүргізілді.
Келесі зерттеу сабағын орыс тілі пәнінің мұғалімі педагог-модератор Г.Агесенова (зерттеу сұрағы орыс тілі сабағында белсенді әдістер арқылы оқушылардың айтылым, жазылым дағдыларын қалай дамытуға болады?) 3 «Ә» сыныбына өткізді. Тақырыбы: Мы идем в театр. Сабақ мақсаты: участвовать в речевой ситуации на определённую тему, понимать, о чем говорит собеседник, дополнить высказывания собеседника понимать значения предложно-падежных конструкций: в, на-место действия; в, на-направление движения; из, с-исходный пункт движения; о-предмет речи, мысли; в-время; с-совместность; у-лицо, обладающее чем-дибо. Сабақтың қолданылған әдістер: «волшебная маска» , «Собери афишу», «Ромашка», «SMS»
Математика пәнінің мұғалімі педагог-модератор А.Сағындықова саралау тапсырмаларын беру арқылы оқушылардың есеп шығару дағдысын қалай арттыруға болады? Зерттеу сұрағы бойынша 5 «А» сыныбына зерттеу сабағын өткізді. Сабақ барысында үй тапсырмасы тексеріліп, ұжымдық жұмыстар жүргізілді. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жұптық жұмыстар орындалып, сараланған тапсырмалар берілді, «мен таптым» әдісі бойынша сергіту сәті жүргізіліп, «қатесін тап» әдісі бойынша есеп шығару дағдылары тексерілді. Сабақ соңында «білім поштасы» арқылы кері байланыс алынып, сабақта белсенді болған оқушылар «купон» әдісімен марапатталды.



