2023 жылдың 16 қараша күні туған жердің танымал тұлғасы, түлегі Қазақ журналистикасының қайраткері, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы Жұмақай Ғумаровтың «Аманатқа адалдық» кітабының тұсаукесер рәсімі өзі білім алған Нұржау жалпы орта мектебінде өтті. Мақсаты: Оқушыларға, оқырмандарға Жұмақай Ғұмаровтың шығармашылығын кеңінен таныстырып, «Аманатқа адалдық» кітабының кітаптың ішкі мазмұнын оқырмандарға таныстыру. Кешіміздің төрінде болған қонақтар: Жергілікті қаламгер жазушы «Бекзат тұлға», «Арманын аңсаған азамат», «Ана қуаты», «Адалдыққа аманат» бірнеше кітаптардың авторы Жұмақай Мұғалұлы, кітаптың басты кейіпкері, ҚР білім саласының құрметті қызметкері, ұлағатты ұстаз Бақытжан Ғимранұлы, Құрманғазы аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесініңтөрағасы Әуез Сәдуұлы, Қайырғали Қадырбек мырза, Ардагер ұстаздар Мәдениет Харесұлы, Жібек Қисымқызы, Рысханым Сапуанқызы, Өсер Серікбаев, Аққаным Төкешқызы, Аманғали Жұбанұлы, Зоя Жақимқызы, Асылбек Рахметқызы, Айдын Айдарбекқызы, Бахыт Төкенқызы, Гүлжан Салахиденқызы, мұғалімдер, жас мамандар, 9-10-11 сынып оқушылары. «Аманатқа адалдық» кітабы 2022 жылы, Ақтөбе қаласында «Ақжар-АБҚ» баспасынан жарық көрген.
Кітап автордың «Бабалар ізімен», «Ұстаз ұлағаты», «Бақыт баспалдағы», «Нағашыдан шарапат», «Құдалық мың жылдық болсын!», «Суреттер сыр шертеді» бөлімдерінен тұрады.
Жалпы жазушының барлық шығармашылығынан қазақтың кешегі мен бүгіні, тарихы, салт-санасы, даналық пен ізгілік жарқырай көрініс табады.
Кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болсын деген мақсатпен қалам тербеген жазушының бұл естелік әңгімесі діттеген мақсатына жетуіне себепші болған Масабай шөбересі, Мусағали немересі, Ғимыранұлы Бақытжанның ата-бабалары мен аналары жөнінде біраз жылдар бойы ізденіп жинақтаған дәлелдері көзімен көргендей әсерлі баяндалады.
Жазушы бұл тарихи-танымдық көркем туындысы арқылы халықтың кешегі мен бүгінін саралап, шежірені төгілте айтатын зерек тұлға ретінде танылады.
«Кітап адамзатты бақыт пен болашақтың құдыретіне апарар жолдағы жасаған барлық кереметтерінің ішіндегі анағұрлым күрделі де ұлы керемет болуы болуы мүмкін» деген көрнекі орыс жазушысы Максим Горький.
Оқырман қолына тиіп отырған бұл кітаптың кейінгі жас ұрпақ үшін мәні мен тәжірибелікмаңызы зор.
Шынай өмірдің көрінісі боямасыз, бүкпесіз берілген автордың өмірі туралы бұл кітаптың мазмұны – шараға қатысқан әрбір қонақты қанағаттандырды. Кеш соңына қарай жиын қатысушылары тұсау кесерге әкелінген кітаптарды ардагер ұстаздар мен мұғалімдерге естелік ретінде ұсынды.
Келген қонақтарымыз шығармашылық ізденіспен жазылған жаңа туындыға лайықты баға береді және шығармашылық шыңында қаламыңыз мұқалмай, оқырманға берер құнды дүниелеріңіз көп болсын деген тілектер айтылды.
Кітаптың тұсау кесу құрметіне Анаргүл Шынболатқызы «Адай» күйін, Ұландар сәлемдемесі, Жаннұрман әні «Жас ұстаз» және «Жақсы адамдар» әнін тарту етті.
Жиында мектеп тарихында елеулі еңбектерімен еленген, алтын қаріптермен жазылатын ардагер ұстаздарымызға Оқу-ағарту Миристрінің Алғыс хатын аудандық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Әуез Сәдуұлы табыстады.






