«Білімді мыңды жығады» ұранымен 2023 жылдың 16-17 қараша күндері Нұржау жалпы орта мектебі бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі болып өтті. Онда 13 пәннен 36 оқушы білім сынады. Мектепішілік олимпиада өтетін орындар белгіленіп, аудитория кезекшілері тағайындалды, ережеге сәйкес өткізілді. Оқушыларға олимпиада тапсырмалары жеке беріліп басталу уақыты және аяқталу уақыты белгіленіп, барлық қатысушы оқушылар белсене орындады.
Жұмыстарды бұйрық бойынша тағайындалған әділқазылар тексеріп, хаттамалап, аудандық кезеңге жолдама алған жеңімпаздар тізімі шығарылды. Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде оқушыларымызға сәттілік тілейміз.
