Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Аудандық асық атудан өткен мектеп лига жарысында Нұржау жалпы орта мектебінің оқушылары үздік ойын өрнегін көрсетіп, төмендегідей нәтижемен аяқтады.

5-6 сынып оқушылары арасында Сайпеден Азат, Салауат Саян, Оспанов Абылайхан 1 – орынға ие болып, облысқа жолдама алды.

7-8 сынып оқушылары арасында Бауыржан Ахат, ғазиз Азат, Тулепов Нурхат 2-орынның тұғырынан көрінсе, 9-11 сынып оқушылары Аманжанұлы Оралжан, Қуанышбекұлы Арсен, Ибраев Нұрдаулет Мұқарұлын жеңістерімен құттықтап, облыстық сайысқа сәттілік тілейміз.