2023 жылдың 26 қазан – 2 қараша аралығында республикалық «Мектеп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Нұржау жалпы орта мектебінде 26 қазан күні 7-11 сынып оқушылар арасында жиналыс өтті. Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі полиция капитаны Сыдықов Олжас мәдениетұлы мен, Құрманғазы АПБ-і ЖПҚБ-нің ЮПТ-ң аға УПИ полиция капитаны, мектеп инспекторы Арайлым Жексенбаеваның қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында, қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, соның ішінде бопсалау, қорқытып алушылық, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда өздерін ұстауы, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында яғни жасөспірімдерге 2023-2025 жылдарға арналған нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бағыты бойынша оның алдын-алу болдырмау, зияны туралы, сонымен қатар елімізде кеңінен таралған интернет алаяқтық қылмыстарының алдын-алу бағыттары бойынша оқушылармен кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
