Нұржау жалпы орта мектебінің 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасы және «Әкелер академиясы» «Әке әлемі-мәңгілік құндылықтар мекені» облыстық жоба негізінде әкелер мектепке тартылып, алғашқы сабақ өткізілді. Кестеге сәйкес «Отбасы – бақыт бесігі» тақырыбындағы сабақты 1-сынып жетекшісі А.Тасқайырқызы өткізді.