Жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету, әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында жас мамандармен ұйымдасқан түрде семинар өтті.
Семинар аясында мектеп психологы А.Нигметова «Достық» психологиялық тренингін ұйымдастырып, көңілді атмосфера қалыптастырды. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қысқа мерзімді саьһбақ жоспарын тиімді жоспарлау» Г.Талапбекова, «Сабақта қолданатын тиімді платформалар» М.Құбашева, «Сабақтың белсенді әдістері» Ж.Шайхымеденова аталған тақырыптарда өз шеберліктерімен бөлісті.
Жас мамандар өзара ойбөлісіп, тәжірибе алмасып, «Ақпаратты сүзу» әдісі арқылы кері байланыс орнатты.