Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қазақстан Республикасы ІІМ – нің нұсқауына сәйкес, жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында жасөспірімдер мен балалардың жол көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу және олардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп тұру дағдыларын  нығайту мақсатында, Нұржау жалпы орта мектебінде ағымдағы жылдың 6-30 қыркүйек күндері аралығында «Назар аударыңыз – балалар»! жедел профилактикалық іс-шарасы жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр.

Жоспарға сәйкес, мектептің аға тәлімгері Жансая Ибраева 1- сынып оқушылары мен ата-аналарына жадынама таратып, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балаларға жол қозғалысы ережесін түсіндіріп, ата-аналарды сақтық шараларының алдын алуға нұсқау.