Отбасы – махаббат мекені. Әке, ана, бала үштік одағының арасындағы тылсым тартылыс, мызғымас сыйластық пен кіршіксіз сенімге негізделе құрылған шаңырақтың негізгі мақсаты да махаббатқа негізделген. Бүгінгі жас бүлдіршін – ертеңгі елдің арқа сүйер тұлғасы, ұлтты тәрбиелейтін маман болады деп сенім артсақ, махаббатқа негізделген отбасынан тәрбие алған бала айналасына мейіріммен қарайтын жылы жүректі адам болары сөзсіз.
Елімізде «Отбасы күні» 2013 жылдан бері қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Биыл да жылдағы үрдіс жалғасын тауып, балалар отбасылық тәтті естеліктерімен бөліскен болатын.