Бұл күн — мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа серпіліс пен жаңа тыныстың бастауы. Қоңыр күздің салқын самалы кекілін желпіп, сөмкелерін арқаланып, «енді оқушы болдың» деген сөзді құлаққа құйып алып, «өзім жүремге» салынып, өмірдің жаңа белесіне қадам басып, оқушы статусын алғаш иеленген жас бүлдіршіндер үшін ерекше күн. Күні кеше тұсауын кесіп, алғашқы адымын басқан сәби бұл күні мектеп табалдырығынан қадам атттағалы тұр. Олардан бұрын ата-анасының жүрегі дірілдеп тұрғаны сезіледі.
Дәл осындай тебіреніспен Нұржау жалпы орта мектебінің бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауы соғылды.
Алғашқы ұстаздары Б.Жамангарина мен Айсауле Тасқайырқызы жетектеп, қол ұстаса тізбектелген балапандар шеру жасап, қошеметке бөленді. Бұдан кейін мектеп сап түзеп, Мемлекеттік Туды мектеп мақтаныштары Бекзат Төлепов Вероника Махади, Фариза Шынболат көтеріп, Мемлекеттік Гимн орындалды. Мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, бірнші сынып оқушыларына сәттілік тіледі. Салтанатты шара барысында ардагер ұстаз, Құрманғғазы ауданының «Құрметті азаматы» Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, «Қазақстан Республикасы Білім беру үздігі» төсбелгісінің иегері, Елбасының «100жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында жарық көрген «Алтын кітап» атты Республикалық энциклопедиялық жинағына енгені үшін «Грамота» және білім саласында жеткен нәтижелі жетістіктері мен үздік қызметі үшін «Алтын адам» төсбелгісінің иегері, Атырау облысы ардагерлер кеңесі «Құрмет грамотасы» , Х.Доспанованың 100жыл толуына арналған төсбелгі иегері жібек Қисымова құттықтау сөз сөйлеп, жас маман, физика пәнінің мұғалімі Ерлан Есеновке «Сенім» статуэткасын тапсырды. Өз кезегінде арнайы шақырылған қонақтар Нұржау селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Қуаныш Калламов, аудандық мәслихат депутаты Айбек Фатихоллаұлы, Аудандық көлік қатынастар бөлімінің басшысы шынболат Шынтемірұлы, ата-аналар атынан Артем Ризабекұлы сөз алып, құттықтау тілектерін арнады. Шара барысында мектеп мектепішілік «Жасұлан» және Железноводск, Алматы, Ақтау, Орал қалаларында жазғы тынығу лагерінде демалып келген оқушылар флэшмоб билеп, демалыстағы әсерлерімен бөлісті.
Шара соңында бірінші сыныпқа қадам басқалы тұрған бүлдіршіндер өлең оқып, алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы керемет көңілмен басталып, барлық сыныпта «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында сынып сағаттарымен жалғасты.