Баршамызды бал тілімен баурайтын
Бала деген бар бақыт ғой самғайтын
Ата-ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын!
Мектебіміздегі балалардың денсаулығын нығайту, жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Жасұлан» демалыс лагері өз есігін айқара ашты.
Маусым айының 5-ші жұлдызында мектеп жанынан құрылған «Жасұлан» күндізгі жазғы тынығу лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Жоспар бойынша биылғы жылы лагерьде 70 бала демалып отыр.
Шарада мектеп директоры Гүлбаршын Жақимқызы айтулы күнмен лагерь балаларын құттықтап, бастамаға сәттілік тіледі.
«Нұршуақ», «Жұлдыздар», «жас қыран», «Балауса» топтары болып өз жұмыстарын бастады.
Қызықты ойын «Танысу тренингімен басталып, «Зоопарк» ойыны мен флэшмобтар биленіп, көңілді әндер шырқалып балалар мәз мейрам тарқасты.
Ендеше, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерге шығармашылық табыстар тілейміз!
«Жасұлан» лагерінің үшінші күні
Күн тәртібі бойынша таңертеңгілік жаттығумен басталды.
Жаттығудан соң балалар өз топтарына қарай асықты.
Көңілді әуенмен басталған бүгінгі күн жоспарға сай түрлі ойындар ойнатылып, көңілді эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды.






