Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
📅 12.11.2026 ж.
👩‍🏫 Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуш Газизова София және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Тажибаева Аселдің ұйымдастыруымен қазақ әдебиеті мен ағылшын тілі пәндерінен «Жыл мезгілдері. Ескен Елубай» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өткізілді.
🎯 Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы танымын кеңейту, жыл мезгілдерін екі тілде сипаттау, тілдік және шығармашылық дағдыларын дамыту.
✨ Сабақ барысында жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктері, «Күннің қоржыны», «Суретте және сипатта», «Әуенді тап», «Жұмбақтар әлемі» әдістері мен топтық, жұптық тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігі арттырылды.
💎 «Адал азамат» бағдарламасы аясында әділдік пен жауапкершілік құндылықтары дәріптелді.
🌸 Білім мен технология, тіл мен шығармашылық тоғысқан сабақ – заманауи білім берудің жарқын көрінісі