Мектебімізде мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге бағытталған «Сабақты зерттеу» (Lesson Study) үдерісінің І циклі басталды. Зерттеу тобы құрылып, зерттеу тақырыбы мен мақсаты айқындалды. Бірлескен жоспарлау барысында оқушылардың оқу қажеттіліктері ескеріліп, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер мен бақылау бағыттары белгіленді.
Мақсаты: Педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын дамыту, Lesson Study зерттеу тәсілі негізінде сабақ сапасын жетілдіру, оқушылардың жеке оқу қажеттіліктерін ескере отырып, білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді педагогикалық тәжірибені қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер: Мұғалімдер оқушылардың оқуындағы қиындықтарды дәлелдер негізінде анықтайды, оқыту әдістерін жетілдіреді, оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен оқу жетістіктеріндегі өзгерістерді талдайды.
6 “А” сыныбына зерттеу сабағын өткізді.
Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы
“Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”
Сабақ барысында оқушылардың айтылым, жазылым,тыңдалым дағдыларын дамыту мақсатында саралау тапсырмалары берілді.
Ақынның өлеңдерін талдап,мәнерлеп оқып және жатқа айтудан оқушылар белсене қатысты.
Сабақ барысында оқу мен оқытудың жаңа әдіс — тәсілдері қолданылып, ЖИ мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, сабақ өз мәресіне жетті.
